AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / 3 айда 820 мыңнан астам адам музейге барған

3 айда 820 мыңнан астам адам музейге барған

Мәдениет 07.04.2026, 10:22 168 yakiya
3 айда 820 мыңнан астам адам музейге барған

2026 жылдың алғашқы тоқсанында ел музейлерін 820 мыңнан астам адам тамашалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда музей мәдениетіне қызығушылық артып келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ел музейлерін 822 791 адам тамашалаған.

Мұндай көрсеткішке музей инфрақұрылымын дамыту, экспозицияларды жаңарту және көпшілікке, әсіресе жастар мен туристерге арналған заманауи форматтарды енгізу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта республика бойынша 285 музей жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 республикалық музей, 12 музей-қорық, 15 өңірлік тарихи-өлкетану, 71 мемориалдық және 16 көркемөнер музейі, сондай-ақ қалалық, аудандық және ауылдық музейлер бар.
Сонымен қатар көрме және ағартушылық бағыттағы жұмыстар да қарқын алуда.

Жыл басынан бері 1219 көрме ұйымдастырылып, жаңа экспозициялар мен тақырыптық залдар ашылды, 4200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында дәрістер, экскурсиялар, білім беру бағдарламалары мен интерактивті жобалар бар.

Ірі көрме жобаларын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары да жалғасуда. 2026 жылдың I тоқсанында республикалық және халықаралық деңгейде 28 маңызды жоба іске асырылды. Оның ішінде ел тарихы мен мәдениетінің негізгі кезеңдерін танытатын тақырыптық, мерейтойлық және көшпелі көрмелер өткізілді.

Қазақстан музейлері 26 халықаралық көрме, фестиваль және салалық форумдарға қатысып, шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Бұл халықаралық байланыстарды кеңейтіп, жаңа келісімдерге жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);