AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 29 қыркүйек - Қазақстандағы Еңбек күні

29 қыркүйек - Қазақстандағы Еңбек күні

Әлеумет 27.09.2024, 10:49 2,021
29 қыркүйек - Қазақстандағы Еңбек күні
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі.

Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 29 қыркүйекке сәйкес келеді.

Жыл сайын Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның мақсаты қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру; кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.

Сондай-ақ, өңірлерде еңбек ардагерлері, өндіріс озаттары және т.б. алғыс хаттармен және өзге де көтермелеу шараларымен марапатталады.

«Еңбек күні – күнтізбедегі атаулы күн болғанымен бірге, бұл жұмыс сапасының көрсеткіші. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, атап айтқанда, олар: бұл тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер.

Биыл Еңбек күнін мерекелеудің негізгі миссиясы әрбір қазақстандық отбасы мен тұтастай мемлекеттің әл-ауқаты, сондай-ақ тұрақтылығының кепілі ретінде адал және асыл еңбек идеясын дамыту болып табылады» – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.. 

Мерекенің жалпы тұжырымдамасы еңбек құндылықтарын кеңінен ілгерілетуге және олардың мәртебесі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, «Еңбек адамына», әртүрлі кәсіптер мен мамандықтардағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыруға арналған. Бұл үндеу Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сөздерімен ұштастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек күнін мерекелеуге арналған республикалық форум өткізіп келеді. Форум аясында «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсету мен зейнеткерлік жасқа толған және еңбек қызметінде ең жоғары нәтиже көрсеткен еңбек ардагерлерін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек күні #қыркүйектің соңғы жексенбісі #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика