Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 28 сәуір күнгі ауа райы болжамы

28 сәуір күнгі ауа райы болжамы

Өмір-өзен 28.04.2022, 02:01 1,507
28 сәуір күнгі ауа райы болжамы
tver.mk.ru

28 сәуір күні республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Еліміздің тек батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте онымен бірге шаңды дауыл болады. 


Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 23-28 м/с артатыны болжанады.


Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.


Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз өңірдің орталығында шаңды дауыл күтіледі.


Алматы облысының солтүстік-шығысында желдің күші 25 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.


Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.


Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.


Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі болжанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ауарайы #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика