27 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың барлық аумағында күшті жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстікте, батыста найзағай болжанады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с артады. Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, таулы аудандарда екпіні 25 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.
Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с артады. Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болжанады.
Күндіз оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел күшейеді.