AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 262 миллион адамда бар ауру

262 миллион адамда бар ауру

Медицина 11.12.2024, 10:50 1,105 Нұржамал ӘЛІШЕВА
262 миллион адамда бар ауру
Сурет ЖИ

Бүгін – Дүниежүзілік бронх демікпесі күні

11 желтоқсанда Дүниежүзілік демікпемен күресу күні атап өтіледі. Бұл күннің басты міндеті – ауру және оны бақылау әдістері туралы хабардар болу, демікпенің белгілері туралы білуді насихаттау, емдеудің жаңа тәсілдерін айту, пациенттерді дәрі-дәрмектер мен ингаляторларды дұрыс қолдануға үйрету, аурудың алдын алудың маңыздылығына, триггерлермен күресуге және ауа сапасын жақсартуға баса назар аудару.

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Ол әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Негізгі белгілері: ентігу, жөтел (көбінесе түнгі), кеуде қуысының қысылу сезімі, сырылдар немесе ысқырықтар.

Демікпенің себептері әртүрлі, олар:
- генетикалық бейімділік;
- аллергиялық реакциялар;
- ластанған ауа мен токсиндердің әсері;
- вирустық инфекциялар;
- стресс және физикалық белсенділік.

«Демікпе балалық шақта да, ересек жаста да болуы мүмкін. Бұл экологиясы нашар немесе аллергендердің әсеріне ұшыраған адамдарда жиі кездеседі. Демікпені емдеу тыныс алу жолдарының қабынуын азайтуға және өршудің алдын алуға бағытталған. Негізгі тәсілдері: ингаляциялық глюкокортикостероидтарды қолдану; симптомдарды тез жеңілдету үшін бронхолитиктерді қолдану; аллергендер мен триггерлерден аулақ болу; пикфлоуметрлердің көмегімен жағдайды үнемі бақылауда ұстау. Бұл жағдайда салауатты өмір салты маңызды рөл атқарады: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік керек және темекі шегуден бас тартқан дұрыс», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметтері бойынша, әлемде 262 миллионнан астам адам демікпемен өмір сүреді және жыл сайын бұл аурудан 455 мыңға жуық адам көз жұмады. Бұл статистика аймаққа, экономикалық даму деңгейіне және қоршаған орта жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Дүниежүзілік демікпемен күрес күні бұл ауруды, дұрыс қараған жағдайда бақылауда ұстауға болатындығы туралы еске салады. Демікпе толыққанды өмір сүруге кедергі болмауы керек және бұған мемлекеттердің, медициналық ұйымдардың және пациенттердің күш-жігерін біріктіру арқылы қол жеткізуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бронхит #Демікпе #темекі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);