AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 26 наурызда әлемде «Жер сағаты» экологиялық акцияс...

26 наурызда әлемде «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді

Әлем 25.03.2022, 06:12 1,989
26 наурызда әлемде «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді
Сурет: Elorda.info

Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.


Елорданың көптеген нысандары «Жер сағаты» акциясы аясында сыртқы сәндік жарықтандыруды өшіреді. Жер шарындағы «Жер сағаты» атты ең ірі акция биыл 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 19.30-20.30 аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Акцияның негізгі мақсаты – адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы және де бұл табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.


Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері акцияға үн қосып жарықтандыруды өшіреді. Олардың ішінде: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей бар.


Қазақстан да «Жер сағаты» акциясына қатысып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, ал биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлері акцияға қосылады.


Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да елордада нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі.


Елорда тұрғындары мен қонақтарын 26 наурызда сағат 19.30-дан бастап Mega silk way СОО-да өтетін офлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз.


Қатысушылар үшін викторина ұйымдастырылады. Ең белсенді қатысушылар «Stopmusor» әлеуметтік жобасының арнайы сыйлықтарына ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер сағаты #экологиялық акция #электр құрылғыларын өшіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жыл басынан бері 38 мыңнан астам қызмет көрсетті

Бүгін 12:02

Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады

Бүгін 12:00

«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды

Бүгін 11:58

Еліміздің ең жасы үлкен зейнеткері Алматы қаласында тұрады

Бүгін 11:42

Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офтальмологтары көзден тас сынығын алып шығып, емделушінің көзін сақтап қалды

Бүгін 11:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);