25 қарашаға жасалған күн райының болжамы

25 қарашаға жасалған күн райының болжамы Сурет: Әспет Дулатбекова

Елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ұлытау облысының шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында тұман болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде 25 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні - 15 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25

11:09

10:57

10:45

10:29