Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2,5 мыңнан астам жолсерік жолда Жаңа жылды қарсы а...

2,5 мыңнан астам жолсерік жолда Жаңа жылды қарсы алады

Әлеумет 31.12.2023, 09:06 1,056
2,5 мыңнан астам жолсерік жолда Жаңа жылды қарсы алады
Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларға 2,5 мыңнан астам жолсерік қызмет көрсетеді.


Сондай-ақ, жаңа жылды 80 пойыз бастығы жұмыс орнында қарсы алады. Бүкіл Қазақстан бойынша мереке түнінде 135 вокзал кассасы және кассалық пункттердің 162 қызметкері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Он алтыншы Жаңа жылды жолаушылар пойызының жолсерігі Меруерт Қорабаева доңғалақтардың соғуымен қарсы алады. Оның бұл қызметтегі еңбек өтілі 18 жыл. 



«Мереке күндері теміржол үзіліссіз жұмыс істейді. Жаңа жылға қарай жолаушылар саны көбейеді. Түн ортасында біз бір-бірімізді және жолаушыларды Жаңа Жылмен құттықтаймыз, осылайша жолда бір үлкен отбасына айналамыз. Біз жолаушының баратын жеріне аман - есен жетуі және отбасының жанында болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - дейді жолсерік.



Биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты мереке күндері теміржол үшін қиын болды. Екі күн ішінде жолаушылар пойыздары 4 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Жолаушылар тасымалы қызметкерлері қолайсыз ауа-райы кезінде қауіпсіз тасымалдауды барынша қамтамасыз етті. №6805 электр пойызының аға жолсерігі Нұрсәуле Қартабаева демалыс күні әріптестеріне көмек көрсету үшін жұмысқа шығып отыр.



"Біздің жұмысымызда әртүрлі жағдайлар болады. Біз әрқашан тәуліктің кез келген уақытында жұмысқа шығуға дайын жүруіміз керек. Біз үшін жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету маңызды", - деп бөлісті ол.



«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық құрылымдық қызметтері жолаушылардың жайлы және қауіпсіз саяхатын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #Жолсерік #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика