AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Әлеумет 17.07.2025, 14:30 671 Bakyt
25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
aqshamnews.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысы сараланды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің айтуынша, биыл облыста 65 647 жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1 шілдеге дейін 25 918 адам еңбекпен қамтылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 28 912 адам тартылған.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 22 753 адам жолданып, оның 8 330-ы тұрақты жұмысқа орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде 2 222 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар:

  • 98 жоба электронды еңбек биржасына енгізіліп, 442 адам жұмысқа орналасқан;

  • 579 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылған (жоспар – 1 315 адам);

  • 501 адамға қайтарымсыз грант берілген (оның ішінде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеушілер бар).

АӘК 3 408 отбасындағы 18 705 адамға тағайындалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 933 адамға аз. Сондай-ақ 5 848 балаға ай сайынғы төлемдер жүргізілген. Алайда зерделеу кезінде 96 отбасыға көмек заңсыз берілгені анықталған.

Облыс әкімі еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту мен әлеуметтік көмекті әділ тағайындаудың маңызын атап өтті. Ол қоғамдық жұмыстар квотасын арттыруды, қайтарымсыз гранттардың тиімді пайдаланылуын бақылауды және АӘК тағайындауға жауапты мамандарды оқытуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жастар #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Кеше 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);