AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 24 млн тонна астық, сиыр етінің бағасы: аптаның а...

24 млн тонна астық, сиыр етінің бағасы: аптаның айрықша көрсеткіштері

Мұны білген жөн 26.09.2025, 11:05 520 Сұлу
 24 млн тонна астық, сиыр етінің бағасы: аптаның айрықша көрсеткіштері
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

5,5 мыңнан аса тегін кеңес беру пункті

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдар жанында балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарын қолдауға бағытталған 5,5 мыңнан астам тегін кеңес беру пункттері жұмыс істейді. 

Мұнда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша кәсіби кеңестер алуға болады. 

Қазақстанда 24 млн тонна астық жиналмақ

Қазақстанда 10,2 млн гектардан 15,5 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Биыл астық жинаудың болжамды көлемі - шамамен 24 млн тонна.

"Жалпы, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде бағаланды. Қазір 700 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Жалпы, биыл майлы дақыл тұқымының шамамен 4 млн тонна көлемінде рекорд түсімі күтіледі. Сондай-ақ 1,8 млн тонна картоп, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,2 млн тонна бақша өнімдері жиналды", - деп атап өтті министр.

Шаруаларды қолдауға 700 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды
 
Үкімет егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауда. Жеңілдетілген қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінді, оның 502 млрд теңгесі игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады.

Сиыр етінің бағасы - 3 500 теңге

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Сауда орындарына жүргізілген үш күндік бірлескен рейдтер барысында фермерлердің көтерме саудада өз өнімдері келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталды. Сонымен қатар, делдалдардың қысқа уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болды.

1Бір жерден 3 200-ден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден тапсыратын фактілер кездесті. Бір сағат ішінде бір килограмнан 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Біз Сауда министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз1, - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);