ffin.kz

232 млн доллар не үшін сатып алынады?

232 млн доллар не үшін сатып алынады? Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық банк өткен айда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. 


Наурыздың қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 452,7 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсіреді. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 130 млн доллардан 164 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта нарығында энергия тасымалдау бағасының төмендеуі мен АҚШ-тағы және Еуроаймақтағы банк секторына қатысты алаңдаушылыққа байланысты нарық қатысушылары сентиментінің нашарлауы аясында құбылмалылық артты.



«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айда шамамен 253 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурызда 721 млн АҚШ долларын құрады», - делінген қаржы нарығын реттеушінің хабарламасында.



Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 40 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді көрсетті.



«Ұлттық банк Ұлттық қордағы қаражатпен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы әрі біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін мейілінше азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында наурызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды. Оның жалпы сомасы 232 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 7%-ын құрады», - делінген хабарламада.



Ұлттық банк наурызда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.Сәуірде Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Алдын ала болжам бойынша, Қаржы министрлігінің қажетті трансферттер сомасы бойынша қазіргі болжамды бағдарларының негізінде сәуір айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 550 млн доллардан 650 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр.



«Сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 200 млн доллардан 250 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алынуы мүмкін. Ұлттық банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсететін болады», - дейді банк өкілдері.



Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51