AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2027 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыст...

2027 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр

Экономика 26.08.2026, 12:03 430
2027 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр
Primeminister.kz

Шығыстардың ұлғаюын ел экономикасы үшін жүйелі, маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды. Негізгі басымдықтар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, экономикалық өсімді ынталандыру және инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу болып айқындалды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндама жасады. Инфляция, төлем балансы және Ұлттық қор мәселелері бойынша Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов сөз сөйледі. 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы туралы қаржы министрі Мәди Такиев баяндады.

«2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы, Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. 2027 жылға арналған негізгі параметрлері келесідей:

  • түсімдер 25,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 12,9%-ын құрады.

  • Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферт көлемі, 2,4 трлн теңге мөлшерінде белгіленді. 2 трлн теңге көлеміндегі нысаналы трансферт, ас маңызды объектілерге және жалпы ұлттық маңызы бар жобаларға бағытталатын болады.

  • Бюджет тапшылығы 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің  2,3% болады деп жоспарлануда.

  • Шығыстар биылғы жоспармен салыстырғанда 2,5 трлн теңгеге артып, 30,2 трлн теңгені құрайды», — деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, бюджетті қалыптастырудың маңызды ерекшелігі, шығыстардың өсуін қамтамасыз ету ғана емес, ресурстарды ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағыттай отырып, бюджет қаражатының әрбір теңгесінен қайтарымды арттыру болды.

Әлеуметтік саланың шығыстары, 2027 жылға 10 трлн 544 млрд. теңге көлемінде жоспарланған. Бюджет жобасында, әлеуметтік төлемдерді алушылар санының өзгеруі мен индекстеу ескерілді. Халықты әлеуметтік қолдаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, қосымша 739 млрд. теңге көзделді.

«Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары, 3 трлн 892 млрд. теңгені құрайды, бұл осы жылдың деңгейінен 507 млрд. теңгеге артық.  

Шығыстардың ұлғаюы, ең алдымен ел экономикасы үшін жүйелі, маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты болды.

Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы органдардың даму бюджеттерін ескере отырып, экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстар, шамамен 7 трлн теңгені құрайды», — деді Мәди Такиев.

Бюджет жобасында күштік блогқа 3,3 трлн теңге көзделген, ол осы жылдың жоспарына қарағанда 257 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Әкімшілік мемлекеттік органдарға – 787 млрд. теңге көзделген. Бұл шығыстарды қалыптастыру кезінде, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі, әкімшілік шығындардың негізсіз ұлғаюына жол бермеу және республикалық бюджеттің теңгерімділігін сақтау қағидаттары ескерілді. Бұл ретте, әкімшілік шығыстарды қысқарту, мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функциялары мен қабылданған мемлекеттік міндеттемелерін орындауы үшін тәуекелдер тудырмайды.

Сонымен қатар, бюджет жобасы жүргiзiлiп жатқан конституциялық және институционалдық реформаларға байланысты, жүйелi өзгерiстер назарға алынды. Тиісінше, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар ескерілді.

Қаржы министрінің айтуынша, республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде, қаржылық тәртiп сақталды, тиiмсiз әкiмшiлiк шығыстар қысқартылды, және институционалдық қайта құру мен жаңа мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру үшiн, қажеттi жағдайлар жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);