AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Білім және ғылым 18.02.2026, 11:44 490 Дина
2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты
фото: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында биылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елімізде оған шамамен 184 мың талапкер қатысса, Алматыда 26 мыңнан астам адам тест тапсырған. Түлектердің басым бөлігі шекті балды еңсерді, барлық нәтиже мен сертификаттарды жеке кабинеттен көруге болады. ҰБТ-2026 қалай өткенін Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Алматыдағы бөлімшесінің жетекшісі Жұмабике Сұлтанова баяндады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, қаңтардағы ҰБТ-ны Қазақстанда 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде тапсырған, тағы 113 адам ағылшын тілін таңдапты. Шекті балды 68%-ы жинады, орташа көрсеткіш 64 балды, ең жоғары нәтиже 138 балды құрады. Ең танымал пәндер «Математика–Физика» болды. Оны 19,2%-ы таңдаған. Екінші орында «Биология–Химия» — 16,8%, үздік үштікке «Шығармашылық емтихан» — 9,8% кірді.

«Қаңтардағы ҰБТ талапкерге дайындығын бағалап, сынаққа психологиялық тұрғыда әзірленуге мүмкіндік береді. Біз түлектердің тұрақты нәтижер мен пәндік комбинацияларды саналы түрде таңдағанын байқап отырмыз. Барлық сертификат жеке кабинетте тұр, Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы осымен аяқталды», — деді Жұмабике Сұлтанова.

Талапкерлер тест тапсырмасының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде, техникалық себептер бойынша тестілеу барысында апелляция бере алды. Барлығы 19 мыңға жуық өтініш түсіп, оның ішінде екі бірегей тест тапсырмасы бойынша апелляциялар қанағаттандырылды.

ҰБТ барысында ерекше білім беруге мұқтаж талапкерлерге қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінді. Елімізде тестілеуге осындай 446 талапкер қатысқан.

Қазақстан бойынша ҰБТ-2026 өткізу кезінде 320 құқықбұзушылық тіркелді. Смартфондар, шпаргалкалар мен басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болған 198 адам тестілеуден шеттетіліп, тағы 120 талапкер ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексергенде де екі адамның сертификатының күші жойылды. Бөгде тұлғалардың сынаққа қатысқаны анықталған жоқ.

Алматыда ҰБТ-ға 26 мыңнан астам талапкер қатысты. Олардың 66%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде тапсырса, 33 адам ағылшын тілін таңдаған. Қала бойынша шекті балды қатысушылардың 72%-ы жинады, орташа нәтиже 65 балды, ең жоғары балл 136 болды. Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 61 талапкер қатысты.

«Алматыда шекті балды еңсеру көрсеткіші айтарлықтай жоғары екенін атап өтеміз, бұл түлектердің сапалы дайындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, ережелердің сақталуын бақылау жағы да қатаң болып қалды. Тестілеудің барлық кезеңін бейнекамерамен бақылап отырды, енді жазбаларды талдау 31 қазанға дейін жалғасады», — деп атап өтті Жұмабике Сұлтанова.

ҰБТ өткізу кезеңінде Алматыда 40 құқықбұзушылық анықталды. Тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін 22 адам тестілеуден шеттетілді, тағы 17 талапкер ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде бір сертификаттың күші жойылды. Бөгде тұлғалардың қатысу фактілері тіркелген жоқ.

ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін ел бойынша бейнежазбаларды талдау биылғы 31 қазанға дейін жалғасады. Ереже бұзушылық немесе тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #қаңтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);