Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қ...

2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қарастырылған

Әлеумет 14.01.2026, 13:03 508
2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасына 100 млрд теңге қарастырылған
Сурет: Ortcom.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктердің, облыс әкімдіктерінің және «Amanat» партиясының қатысуымен өңірлік даму жөніндегі жоба кеңсесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 

Отырыста «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ былтыр қараша айында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп тыңдалды. 

2025 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы жаңа қағидаттар негізінде жүзеге асырылып келде. Қаржыландыру өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, артық бюрократиялық рәсімдерсіз бөлінуде. Кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге баса назар аударылған.

2025 жылы жобаға облыс әкімдіктеріне 50 млрд теңге бөлінді. 2026 жылы республикалық бюджетте жобаны жалғастыруға 100 млрд теңге қарастырылған, оның шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ.

Отырыста Ақмола облысының Ерейментау ауданында ет кластерін құру жобасын іске қосу перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Жоба өңір үшін маңызды мәнге ие. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев мемлекеттік қолдау бағдарламаларын ескере отырып, жобаның экономикалық және ұйымдастырушылық параметрлерін қосымша пысықтауды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта пішімдеу жөнінде ұсыныстар дайындауды, сондай-ақ «Ауыл кәсіпкерлігі инфрақұрылымы» бағытын өңірлік стандарттар жүйесіне енгізуді тапсырды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кепілдік беру тетіктерін әзірлеу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу міндеттелді.

Облыс әкімдіктеріне екі апта мерзімде «Amanat Nesie» ақпараттық жүйесіне барлық өңірлердің толық қосылуын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелер беруді ұйымдастыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл аманаты #жоба #100 млрд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі