2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел

2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел Сурет: www.bankingclub.de

Қауіпсіздік – қандай жағдайда жүрсеңіз де, ең бірінші ойлау керек нәрсе.

Ernur.kz сайты  шет елге, жат жерге сапарлайтын болсаңыз, осы тұсын мұқият қарастыруды ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Өйткені, саяхат кезінде жақсы демалу – жайлы мекен, жылы су, құм мен әдемі пейзаждан ғана тұрмайды. Өзіңізге төнген бір ғана қатер қаншама әсердің күшін бір-ақ сәтте жойып жібереді. Аздаған көмек болсын, 2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз саналатын елдер тізімін ұсынамыз. Қауіпсіздік рейтингі: медициналық қызмет көрсету сапасы, транспорттық инфрақұрылым, қылмыстық деңгейі, террористік қауіп-қатер, экологиялық жағдай, табиғи апаттар орын алу жиілігі, халқының тұрмыстық деңгейі мен жұқпалы аурулар, т.с.с. әртүрлі критерийлерді қолдана отырып жасалған.

ШВЕЙЦАРИЯ

Соңғы жылдары Швейцария Жаһандық бейбітшілік индексінде (Global Peace Index) ең бейбіт елдер қатарының алдын бермей жүр. Мұнда ұрлық, тонау, автокөлік ұрлау, басқа да ұсақ заңбұзушылықтарды қоса алғанда, қылмыс деңгейі өте төмен. Елде киберқылмысқа қарсы күресте белсенді шаралар қабылданған. Қоғамдық көлік жүйесі де әлемдегі ең қауіпсіз және тиімділердің бірі болып саналады. Пойыздар мен автобустардың тазалығы, уақтылы келуі мен қауіпсіздікті бақылау жүйелері көңілге сенім ұялатады. Әркім өзін өз үйіндегідей еркін сезінуіне жағдай жасалған. 

ИСЛАНДИЯ

Исландия әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі екені көптеген рейтингтер мен статистикамен дәлелденген. Бұл көрсеткішті аталған ел бірнеше жыл қатарынан сақтап келеді. Мұнда қасақана кісі өлтіру деңгейі 100 000 адамға шаққанда шамамен 1,5 оқиға құрайды. Күш көрсету қылмыстары да өте төмен деңгейде. Ал атыс қаруын пайдалану жағдайлары мүлде жоқ деуге болады. Исландиядағы қауіпсіздіктің кепілі – ерекше саяси және әлеуметтік жүйесі, жоғары деңгейдегі әлеуметтік қолдау мен теңдік. Әсіресе әйелдер мұнда жеке саяхаттағанда өздерін айрықша қауіпсіз және жайлы сезінеді екен. Экономикалық тұрақтылық пен жұмыссыздық деңгейінің төмендігі де елдің жалпы әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді. 

КАТАР

Қатар да туризм үшін ең қауіпсіз елдердің бірі ретінде танылды. 118 ел арасында қылмыс индексі 13,3 және қауіпсіздік индексі 86,7 болып, бірінші орынға шықты. Қатарда инфрақұрылым өте жақсы дамыған. Халқының өмір сүру деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ тазалықты қамтамасыз ету бағытында «Qatar Clean» бағдарламасымен танымал.Оол қонақүй секторында жоғары гигиеналық стандарттарды сақтауға бағытталған.

АУСТРИЯ 

Австрия жоғары әлеуметтік қорғау деңгейі, қылмыс деңгейінің төмендігі және табиғи апаттарды басқарудағы тұрақтылығы арқасында демалыс үшін ең қауіпсіз елдердің бірі болып тұр. Денсаулық сақтау жүйесі жоғары сапамен және медициналық қызметтердің қолжетімділігімен ерекшеленеді, Еуропадағы ең жақсы көлік жүйелерінің бірі осы елде. Жақсы дамыған автожолдар мен теміржол желілері сапарыңызды ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

ФИНЛЯНДИЯ

Финляндия әлемдік бейбітшілік индексінде 13-орынды иеленді. Бұл елдегі қылмыс деңгейінің төмендігі мен тұрақты жағдайды көрсетеді. Финляндияның көлік жүйесі жақсы дамыған, ол жолдар, теміржолдар мен қоғамдық көлік желілерін қамтиды, бұл тұрғындар мен туристер үшін қозғалыс қауіпсіздігі мен ыңғайлығын қамтамасыз етеді. Ел қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды, бұл терроризм қаупінің төмен болуына мүмкіндік береді. Географиялық орналасуы мен төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету жүйесінің арқасында Финляндия табиғи апаттарға жақсы дайындалған. 

НОРВЕГИЯ

Норвегияда қауіпсіздік шаралары билік органдары тарапынан жақсы реттелген. Ең жиі кездесетін қылмыстар – ұрлық және жол ережелерін бұзу. Ал күш қолдану қылмыстары жалпы көрсеткіштің өте аз бөлігін құрайды.

ДАНИЯ

Дания жалғыз саяхаттайтын әйелдер үшін қауіпсіз бағыттар тізімінде бірінші орын алады. Мұнда барлық тұрғындар үшін қолжетімді әмбебап денсаулық сақтау жүйесі орнатылған. Елде медициналық қызметтердің көпшілігі тегін ұсынылады. Мемлекет халықтың физикалық денсаулығына да жеткілікті көңіл бөледі. Қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған. Велосипедшілерге арналған жолақтар өте көп. Экологиялық жағдайды жақсарту және тұрақты даму бағытында белсенді жұмыс істейді. Ел түрлі экологиялық бастамалар бойынша әлемде алғашқы орындарда тұр. Табиғат ресурстарын қорғау және ластануды азайту мақсатында шаралар қабылдайды. Табиғи апаттар қаупі басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Қауіпсіздікпен қатар, туристер үшін қауіпті елдер рейтингі де жасалады. Бұл тізімнің басында Сирия, Ауғанстан, Ирак, Судан, Сомали, Йемен, Конго, Пәкістан, Чад, Мали, Колумбия тұр. Аталған елдерде қылмыс деңгейі жоғары, саяси хал-ахуалы тұрақсыз, табиғи апат қаупі де аяқ астында. Әскери қайшылықтар, құқық қорғау ісінің жақсы ұйымдастырылмауы, медициналық қызмет пен төтенше жағдайларда көрсетілетін көмектің қолжетімсіздігі бұл елдарге келгісі келетін туристі «Жеті рет өлшеп, бір рет кесуге» итермелейді. Әлемнің қай түкпірінде болсаңыз да, қауіпсіздік органдарынан қамқорлық сұрауға құқылысыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:12

19:45

19:05

18:45

18:25

17:50

17:29

17:11

16:51

16:45

16:41

16:12

16:01

15:47

15:45

15:43

15:40

15:32

15:13

15:11

15:06

15:03

14:46

14:45

14:27