Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматыда көгалдандыру мен экологиялық жо...

2025 жылы Алматыда көгалдандыру мен экологиялық жобаларға 10,6 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет 06.12.2024, 15:57 762
2025 жылы Алматыда көгалдандыру мен экологиялық жобаларға 10,6 млрд теңге бөлінеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды. Аталған қаражат қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны дамытуға бағытталады.

Негізгі бағыттардың қатарында қаланы көгалдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау инфрақұрылымын жақсарту және табиғи нысандарды көріктендіру бар.

Қаланы көгалдандыру жобасы ағаштар мен бұталарды отырғызуды, сондай-ақ саябақтар мен жасыл аймақтарды көріктендіруді қамтиды. Биыл Алматыда бюджет қаражаты есебінен 170 мың көшет отырғызу жоспарланған, оның 110 мыңнан астамы күзгі маусымда отырғызылды. Бұл әрбір тұрғынға жасыл желек аумағын 12,5 шаршы метрден 12,8 шаршы метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2025 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасады. Қалада 2 мыңнан астам тереңдетіле көмілген контейнер орнату жоспарланған, бұл қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ Іле ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған жаңа полигон жобасы әзірленуде, бұл болашақта қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін тиімді шешуге септігін тигізеді.

Үлкен Алматы және Қарғалы өзендерінің арнасын қайта құру, сондай-ақ «Сайран» су қоймасын көріктендіру жобалары табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге және тұрғындарға арналған жаңа экологиялық таза демалыс аймақтарын құруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Экология #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика