Биыл киноәлем жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Жұрттың жанарын жаулаған туындылардың тағы бір бөлімі таспаланып, үлкен экранға жол тартпақ. Ендеше "фильмдер жарылысы" аталған 2025 жыл қандай кинофильмдер мен сериалдардың жарыққа шығатын жылы болмақ? Аqshamnews.kz тілшісі топтама жасады.
Avatar: Fire and Ash/Аватар: От және күл
кинода: 19 желтоқсаннан бастап
Режиссер Джеймс Кэмеронның мега-сәтті "Аватар" фильмінің франшизасының үшінші бөлімі "От және күл" деген атаумен экрандарға шығады. Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Кейт Уинслет, Стивен Лэнг, Клифф Кертис және Сигурни Уивер фильмдегі рөлдеріне қайта оралады. Жаңа кейіпкерлерді Уона Чаплин, Дэвид Тьюлис және Мишель Йе сомдайды.
Zootopia 2/ Аңдар шаһары 2
кинода: 27 қарашадан бастап
2016 жылы жарық көрген бұл мультфильмді көрмеген жан жоқ шығар. "Аңдар шаһары" мультфильмі ерекше сюжетімен және әзіл аралас қоғам шындығы суреттелген сценарийімен көптің көңілінен шыққан болатын. Алғашқы бөлімі 1 миллиард доллардан көп касса жинаған бұл мультфильмнің енді екінші бөлімі қараша айында үлкен экранға жол тартпақ. Полицей қоян Джуди мен түлкі Ник бұл жолы қандай оқиғаға тап болар екен?
Wednesday/ Уенздей (2 маусым)
6 тамызда жарық көрді
"Уенздей" америкалық телехикаясының екінші маусымы бірінші маусымның премьерасынан кейін көп ұзамай 2023 жылдың 6 қаңтарында ресми түрде жарияланды. Түсірілім 2024 жылы басталды. Алғашқы төрт бөлімі 2025 жылдың 6 тамызында Netflix сайтында шығарылды. Енді жаңа бөлімдері қыркүйектің басында тағы шығады.
Wake Up Dead Man: A Knives Out Mystery/ Қынсыз қанжар: оян, өлі адам
кинода: 19 желтоқсаннан бастап
Бұл жазушы және режиссер Райан Джонсонның детектив фильмі. Франшизаның үшінші бөлімі 2025 жылдың қазан айында фестивальдарға қатысып, желтоқсанда үлкен экранға жол тартпақ. Бұған дейін фильмнің екі бөлімі көрерменнің көзайымына айналған еді. 2019 жылы әлемдік прокатта 312 миллион доллар жинады. Фильмнің бюджеті 40 миллион доллар болды. Осылайша, картина шығындарын толық жапты және пайда әкелген еді.
QAITADAN/Апат туралы тұңғыш қазақстандық фильм
кинода: 4 қыркүйектен бастап
Фильмнің сюжеті Қызылағаш ауылындағы 2010 жылғы апатқа негізделген. Атап айтқанда, әлгі мезгілде ауылдағы су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы нәтижесінде ауыл тұрғындары өмірге қауіпті жағдайға тап болған. Фильмде жасөспірім Рауан деген кейіпкердің оқиғасы баяндалады.
«Бақыт құшағында» алғашқы мюзикл-фильм
кинода: 23 қазаннан бастап
"Бақыт құшағында" - Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған музыкалық фильм-мюзикл. Режиссер әрі продюсері — Санат Шапашов. Картинада Дәурен Серғазин, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Әлия Әнуарбек сынды актерлер ойнап, композитордың ең сүйікті әндері жаңа тыныспен шырқалады. Фильмнің әзірге ресми трейлері шыққан жоқ.
Auru/Ауру
кинода: 13 қарашадан бастап
Қазақстанның ең жарқын жас режиссерлерінің бірі Айтөре Жолдасқали тағы бір ерекше тундысын көрерменге ұсынды. Түнекке ұқсас атмосферада түсірілген бейнеде ер адам қыздың шашын тақырлап алып, екеуі жалған видео түсіріп, емге ақша жинамақ болады. "Қарыздан құтыламыз да, болды" деген финалдық сөз көрерменді моральдық қақтығысы терең оқиға күтіп тұрғанын аңғартады. Басты рөлде – қазақстандық танымал актер Аян Өтепберген.