AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалан...

2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді

Медицина 25.12.2024, 14:29 891
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Сурет: Gov.kz

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді.

Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарында: 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, 37 нысан салынған Түркістан облысы, 18 нысан салынған Жамбыл облысы, 19 нысан салынған Қостанай облысы, 24 нысан салынған Ақмола облысы бар.

Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.

Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлеріне мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медициналық нысан #ауылдар #2024 жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 09:05

Алматыда «Қазақфильм» кинематографиялық паркінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Бүгін 08:31

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Кеше 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Кеше 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);