AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 2024 жылы алматылықтар ЭКҰ мен диагностикаға милли...

2024 жылы алматылықтар ЭКҰ мен диагностикаға миллиондаған теңге үнемдеді

Барлығы 11.04.2025, 12:02 786 dulatbekova
2024 жылы алматылықтар ЭКҰ мен диагностикаға миллиондаған теңге үнемдеді
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының тұрғындары экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасын белсенді түрде пайдаланып келеді.

Бұл процедура толықтай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы қаржыландырылады. 2024 жылы ғана «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында жалпы құны 3,9 млрд теңгеге 3229 процедура жүргізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

Спикер сөз барысында ЭКҰ процедурасын тиімді пайдаланған азаматша туралы мысал келтірді. 37 жастағы кәсіпкер әйел бір жыл ішінде 71 400 теңге көлемінде сақтандыру жарнасын төлеген. Ал оған жасалған ЭКҰ процедурасының құны — 1,2 млн теңге болған, бұл — оның төлеген жарнасынан 17 есе жоғары. Сонымен қатар, оған диагностикалық қызметтер де тегін көрсетілген.

Бұдан бөлек, қор басшысы алматылықтардың консультативтік-диагностикалық қызметтерді белсенді пайдаланып жүргенін атап өтті. 2024 жылы 102 мыңнан астам КТ және МРТ зерттеулері жүргізіліп, олардың жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрады. Бұрын бұл қызмет түрлері тек әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ғана қолжетімді болса, қазір барлық сақтандырылған азаматтар пайдалана алады.

«МӘМС жүйесінің артықшылығы — табыс деңгейіне қарамастан толыққанды медициналық көмек пен диагностика алуға мүмкіндік беруінде», — деп түйіндеді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ЭКҰ #диагностика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);