Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 2023 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

2023 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Керек кеңес 19.12.2022, 08:11 2,459
2023 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Аталған заң жобасы аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне өзгеріс енгізіледі, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат сарапшысына сілтеме жасап..


«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты және базалық бөліктерден тұратын зейнетақының ең төменгі мөлшері 77 417 теңгені құрайды. Бұл ретте ынтымақты бөлігі 53 076 теңге болып белгіленіп, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 24 341 теңгеге өзгереді.


Сондай-ақ зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5 пайызға арттыру қарастырылған.





Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін белгіледі. Қор мәліметінше, 2023 жылға белгіленген ең төмен жеткіліктілік шегі жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Бекітілген әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас мөлшері үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.


Нақтырақ айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі базалық зейнетақымен қоса ең төменгі зейнетақыдан кем емес жиынтық төлемдер алуы үшін шотында қалуға тиісті ең төменгі сома.



Осылайша, 2023 жылы 20 жастағы салымшы зейнетақы шотындағы 3 млн 260 мыңнан, 30 жастағы салымшы 4 млн 580 мыңнан, 40 жастағы салымшы 6 млн 100 мыңнан, 50 жастағы салымшы 7 млн 860 мыңнан, 60-62 жастағы салымшылар 9 млн 890 мыңнан асқан соманы мерзімінен бұрын пайдалана алады.


Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әйелдердің зейнетке шығу жасы 2029 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатынын мәлімдеген еді. Бұған дейін Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа дейін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зейнетақы #өзнерістер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика