конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / 2021 жылдың басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағда...

2021 жылдың басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 286 мыңға жуық адам қатысты

Шешім 23.06.2021, 09:55 1,701 Almaty-akshamy.kz.
2021 жылдың басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 286 мыңға жуық адам қатысты
Сурет: Gov.kz.

2021 жылдың басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 286 мыңға жуық адам қатысты


 Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 285,8 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарына сілтеме жасап.


 210,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 107,1 мыңы – тұрақты жұмысқа.


Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 7,4 мың адам жіберілді.


Өз ісін ашу үшін 2 мыңнан астам адам жеңілдікті микрокредиттер, ал 11,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.


Субсидияланатын жұмыс орындарына 111,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 14,3 мың адам; жастар практикасына – 9,9 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 87,5 мың адам.


Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 745 отбасы немесе 2 383 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 072 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 701 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 40 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.


Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.


Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.


Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #профсоюз #штаб #открытие #Қазақстан #астана #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас белсенділер әділетті Қазақстан құру бағытын қолдады

Бүгін 14:30

Алматының жас ғалымдары конституциялық реформаларды қолдады

Бүгін 14:27

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:24

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді

Бүгін 14:22

Жаңа конституция белсенді жастарға қосымша мүмкіндік берді

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);