AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 20 қазаннан бастап ауылдықтар медициналық тексеріс...

20 қазаннан бастап ауылдықтар медициналық тексерістен өте алады

Медицина 10.10.2022, 06:11 1,829
20 қазаннан бастап ауылдықтар медициналық тексерістен өте алады
Сурет: Сomplimed.com.ua

Еліміздің 3 облысының кей аудандарында пилоттық жоба басталып кетті.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстанның барлық ауылында 20 қазаннан бастап профилактикалық тексеріс жүргізіледі.


Министр коронавирус пандемиясы кезінде шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендегенін атап өтті.



«Соған байланысты ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізілуде. Біз тек профилактикалық тексеріс жүргізіп қана қоймай, әрбір азаматтың денсаулығын бақылап отырамыз. 20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық медициналық тексерістер бүкіл ел бойынша жүргізіледі», - деді А.Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында.



Айтуынша, Қарағанды облысының Абай ауданында, Ақмола облысының Аршалы ауданында және Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында пилоттық жоба басталып кетті.


Жыныстық, жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын скринингтеу қызметтерінің тізбесі кеңейтілді.


Атап айтқанда, 18 жасқа дейін – «Балалар», 18 жастан 29 жасқа дейін –«Жастар», 30 жастан 44 жасқа дейін – «Еңбек-1», 45 жастан 65 жасқа дейін – «Еңбек-2», 66 жастан асқандар – «Зейнеткер» санаттары.



«Профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-қан-тамырлар жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған», - деді министр.



18 жасқа дейінгі балалар үшін 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жас аралығындағы зертханалық зерттеулердің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілді.


Қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде тең дәрежеде тегін қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайлар жасалған:


- дәрілік заттар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай тізбесі бойынша беріледі;


- ауылда дәрігер болмаған жағдайда, фельдшер тегін рецепт жазып беруге құқылы;


- дәріхана жоқ ауылдарда дәрілік заттарды медицина қызметкері медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пунктері арқылы тегін жібереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #тексеріс #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін 09:30

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика