AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған ап...

2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді

Әлеумет 03.09.2024, 13:23 1,524
 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда ОКҚ алаңында Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын таныстыруға арналған брифингі өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі өкілдері, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас саласындағы сарапшылар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысының отбасы саясаты саласындағы Жолдауын жүзеге асыру шаралары, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған тапсырмаларының орындалуы талқыланды.

Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы осы міндеттерді шешуге бағытталған. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер», - деді Евгений Кочетов.

Брифингте отбасы саясатының негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы да айтылды.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 62,7%-ы отбасында қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%) мәселесі. Сондай-ақ зерттеу барысында еңбекқорлық, адалдық және үлкендерге құрмет көрсету – еліміздегі өскелең ұрпаққа үйретілетін басты құндылықтар екендігі анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #неке #ата-ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика