AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Медицина Бүгін 09:48 81 yakiya
Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні
интернет

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев медбикелердің еңбегі қашанда құрметке лайық дейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейіргерлер күні атап өтіледі. Бұл – пациенттерге күтім жасайтын, денсаулық сақтау саласындағы ең көп қызметкерлер санатын құрайтын мамандардың еңбегін мойындау күні. Олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын артып келеді, қызмет ауқымы кеңеюде. Мейіргерлерге жүктелетін заманауи міндеттер олардың кәсібін жан-жақты етеді.

Мейіргерлердің медицинадағы рөлі дәрігерге көмек көрсетуден бастап, сапалы күтім, оңалту және пациенттерді оқытуды қамтамасыз ететін дербес маман деңгейіне дейін дамыды. Олар диагностикада, созылмалы ауруларды бақылауда, психологиялық қолдау көрсетуде және дәрігерлердің жүктемесін азайтуда маңызды рөл атқарады. Олар дәрігер мен науқас арасындағы байланыстырушы буын, дәрігердің ең басты көмекшілері.

Мейіргер жұмысы кәсіби білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар пациенттерге, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне мұқият қарауды, жанашырлықты, сезімталдықты және ұқыптылықты талап етеді.

Медицинаны мейіргерсіз елестету қиын. Дәрігердің барлық тағайындауларын орындай отырып, олардың командалық жұмысқа бейімділігі, мейірімділігі, ізгілігі және көмекке әрдайым дайын болуы пациенттің сауығу үдерісінде маңызды рөл атқарады.

“Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінде, клиникалық фармакология бөлімінде, эпидемиологиялық бақылау қызметінде 160 мейіргер жұмыс істейді, олардың 20-сында жоғары мейіргерлік білімі бар.

Институт тек клиникалық және ғылыми қызметпен ғана емес, білім беру қызметімен де айналысады. Біздің базада денсаулық сақтау саласының ғылыми және тәжірибелік кадрлары даярланады. Мұнда дәрігерлер біліктілігін арттырады, қайта даярлаудан және дипломнан кейінгі оқудан өтеді. Біз тәжірибелік денсаулық сақтауда сұранысқа ие резиденттерді оқытамыз”, - дейді Рүстем Төлеутаев.

Сондай-ақ Қазақстанның барлық өңіріндегі мейіргер ісі мамандарына арналған біліктілікті арттыру циклдерінің бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Жоғары білімді мейіргерлер бұл оқыту үдерістеріне белсенді қатысады.

Басқарма төрағасы осынау мерекеде бірқатар мейіргер әріптесін ерекше атап өтті.

Паридам Жексембаева – Консультациялық-диагностикалық орталықтың мейіргері, 40 жылдан астам уақыт денсаулық сақтау жүйесінде табысты еңбек етіп келеді. Пациенттер оның кәсіби шеберлігін, адамгершілігін және мейірімділігін ерекше бағалайды.

Назира Күлшиманова – Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері. Бұл бөлімшеде жұмыс істеу жоғары біліктілікті, ұқыптылықты, жабдықтарға мұқият қарауды және зарарсыздандырудың барлық кезеңінде қатаң бақылауды талап етеді. Бұл жалпы пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасына тікелей әсер етеді.

Кардиология және оңалту бөлімшесінің аға мейіргері Ләззат Әбдірайымованың еңбек өтілі 34 жыл – бұл үлкен тәжірибе мен кәсібиліктің көрсеткіші.

Сымбат Қайыпбаева – функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің аға мейіргері, еңбек өтілі 24 жыл. Ол – бөлім меңгерушісінен кейінгі негізгі тұлға. Сымбат жоғары жауапкершілігімен және кәсібилігімен ерекшеленеді.

Палаталық мейіргер – науқастарды үнемі бақылауда ұстайтын негізгі маман.

Кардиология бөлімшесінің палаталық мейіргері Гүлзахира Баймусаева пациенттермен басқа мамандарға қарағанда көбірек уақыт өткізіп, олардың қажеттіліктерін жақсы түсінеді.

Рүстем Төлеутаев барлық мейіргерге пациенттерге көрсеткен қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мейіргер күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Бүгін 11:24

Теңге ілуден Әлем Чемпионатына тұңғыш рет алматылық қыздар қатысады

Бүгін 10:12

Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Бүгін 10:02

БҰҰ Бас хатшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22

Құрбан айтта неше күн демалыс?

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);