Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 19 өңірде ауа райы қолайсыз

19 өңірде ауа райы қолайсыз

Әлеумет 22.11.2024, 08:05 870
19 өңірде ауа райы қолайсыз
almaty-akshamy.kz

Алматыда тұман, көктайғақ болады. 

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін Қазақстанның 19 өңірінде қолайсыз ауа райына болатынын ескертті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарына тұман түcеді. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с.

Қостанай облысының солтүстігіне, шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қалың қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең шығысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақытта екпіні – 18 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігіне, шығысына, орталығына тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысына, солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түсуге тиіс. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұман #Көктайғақ #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.