AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері...

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні

Әлеумет 19.06.2024, 19:39 624
19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні
Сурет: Gov.kz

ҚР Қарулы күштерінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні атап өтіледі.

Бұл әскер тегі Қорғаныс министрінің 1992 жылғы 19 маусымдағы директивасы негізінде құрылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Сол тұста әскерлердің құрамына Қазақстан аумағында орналасқан 37-ші әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының зениттік, зымыран, радиотехника және авиация бөлімдері, сондай-ақ әуе айлақтық-техникалық бөлімшелері, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету батальоны кірді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қалыптасуының басы-қасында әр жылдары Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, авиация генерал-майоры Анатолий Васимов, генерал-майор Владимир Бондаренко, генерал-лейтенант Оқас Сапаров, генерал-майор Нұржан Мұқанов және басқа да әскерилер тұрды. 1998 жылы Әуе қорғанысы әскерлері Әуе қорғанысы күштерінің құрамына кірді.

Қазіргі уақытта бұл әскер тегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің командалық пункті, құрамына зениттік-зымырандық және радиотехникалық бөлімшелері кіретін әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларынан тұрады.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері еліміздің әкімшілік-саяси, өнеркәсіптік-экономикалық орталықтарын әуеден қорғаудан бөлек, әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылап, әуе қарсыласына қарсы күрес жүргізеді. Сонымен қатар Құрлық әскерлерінің топтарын, маңызды әскери және басқа да объектілерді қарсыластың авиациялық және ұшқышсыз ұшу құралдарының соққыларынан қорғауды жүзеге асырады.

Бейбіт уақытта Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын үздіксіз бақылауды жүзеге асыра отырып, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады.

Бүгінгі күні Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қарсыластың заманауи әуеден шабуылдау құралдарын барлық ұшу биіктіктері мен жылдамдықтары диапазонында дер кезінде анықтап, оларға соққы бере алатын зениттік-зымырандық кешендермен және барлау құралдарымен толықтай жарақтанған. 

Әскерлерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және техникамен жарақтандыру жоспарлы түрде жалғасуда. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне жаңғыртылған С-300 зениттік-зымыран кешендері, қазіргі заманғы GM-403 «Нұр» және Қазақстанның барлық әуе кеңістігін бақылауға мүмкіндік беретін «Роса» радиолокациялық станциялары, сондай-ақ орташа қашықтықтағы «БУК-М2Э» және қысқа қашықтықтағы «ТОР-М» жаңа зениттік-зымыран кешендері жеткізілді.

Бүгінде Әуе шабуылына қорғаныс әскерлері үшін жоғары кәсіби офицерлік кадрларды дайындауды Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жүзеге асырады. Әскери жоғары оқу орнында жаттығу кешендері, техникасы және қару-жарағы бар жеке полигон, сондай-ақ барлық қажетті оқу-материалдық база қалыптасқан.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің мамандары өздерінің жоғары шеберліктерін ТМД әуе қорғанысының біріккен жүйесіндегі «Жауынгерлік достастық» және «Ашық аспан» халықаралық оқу-жаттығулары барысында бірнеше рет дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуе шабуылына қарсы #күрес күні #қорғаныс әскерлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика