Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 19 мамырға арналған ауа райы болжамы

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 19.05.2022, 02:00 1,455
19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды


Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан да екпінді болуы ықтимал.


Күндіз Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.


Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 24-29 м/с. Талдықорған қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с.


Алматы қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күн күркіреген кезде жел екпіні 15 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде бұршақ жауып, күн күркірейді. Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Семей қаласында да найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Жарма ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел екпіні - 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың солтүстігіне, батысына ауып, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде 30 м/с.


Нұр-Сұлтан қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.


Павлодар облысында түнде батыста қатты жаңбыр, тұман, күндіз солтүстікте найзағай ойнайды. Павлодар қаласында күндіз 19 мамырда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні - 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады.


Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #жел #Дауылды ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика