AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні

18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні

Әлеумет 18.07.2025, 17:20 1,076
18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні
Сурет: Gov.kz

1996 жылғы он сегізінші шілдеде ҚР Президентінің "Қарулы Күштердің әскери рәміздері туралы" Жарлығына қол қойылды.

Әскери рәміздер жауынгерлердің ұлттық сипатының ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, Отан қорғаушылардың моральдық-жауынгерлік рухын арттырудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстанның әскери рәміздеріне Қарулы күштердің символы (эмблемасы), жалауы, Туы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің тулары және әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.

Қазақстан Қарулы күштерінің рәміздері мемлекеттілікті, озық дәстүрлердің сабақтастығын, жауынгерлік серіктестік, патриотизм және адал қызмет сияқты құндылықтарға негізделетінін көрсетеді.

Қарулы күштердің символы – жиектері алтын жолақпен көмкерілген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында күн сәулесі және оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген.

Қазақстан Қарулы күштері түрлерінің тулары олардың сол әскерге қатыстылығын көрсетеді және әскери ұжымның бірлігі, өр рухы мен бірлігі идеяларын бейнелейді.

Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің жәдігері, оның жауынгерлік жолы мен даңқының символы. Бұл әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың ерлік дәстүрлері мен қасиетті парызы екенін еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы күштер #әскери рәміздер күні #атаулы күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);