AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 18 мыңнан астам қазақстандық мұғалім біліктілігін...

18 мыңнан астам қазақстандық мұғалім біліктілігін арттырып жатыр

Әлеумет 05.09.2022, 11:00 1,049
18 мыңнан астам қазақстандық мұғалім біліктілігін арттырып жатыр
Сурет: 24tv.ua

Олар арнайы курстардан өтіп жатыр.


Қазақстанда пән мұғалімдері біліктілігін арттыруға арналған тегін курстардан өтіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Курстар осы жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері әзірлеп, өткізіп жатыр. Орталық 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.



«Өрлеу» орталығы бір айдың ішінде 700-ге жуық курс өткізді және оған 18 мыңнан астам мұғалім қатысты. Бүгінгі күні 5 мың педагог оқып жатыр, олар курстың соңында тест тапсырады. Кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар санының жыл санап артып келе жатқаны қуантады. Мұндай курстар ұстаздар жұмысының сапасына да, білім сапасына да, жалпы, оқушылардың біліміне де оң әсер ететінін түсіну маңызды», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.



Бұған дейін «Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірлеген болатын. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.


Курстың соңында оқытудың тиімділігіне талдау мен мұғалімдердің алған біліміне қорытынды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдер міндетті түрде тест тапсыруы керек. Барлық бөлім бойынша шекті балл жинаған мұғалімдер сертификат алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #курс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика