Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 18.05.2022, 02:02 1,605
18 мамырға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды


18 мамырда Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Көкшетау қаласында найзағай күтіледі.


Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстік-шығысында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында күн күркірейді.


Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында өрт қауіптілігінің жоғары дәрежесі күтіледі.


Павлодар облысында таңертең және күндіз күн күркірейді, бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында күн күркірейді. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жуады, дауыл болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Орал қаласында күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.


Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз күн күркірейді.
Атырау облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, шығысында және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.


Күндіз Қызылорда облысының орталығын шаңды дауыл басады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.


Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с.


Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнайды, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан қаласында таңертең және күндіз күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.


Шымкент қаласында таңертең және күндіз күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Дауыл #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика