Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 17 мамырға арналған ауа райы болжамы

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 17.05.2022, 03:02 1,209
17 мамырға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша желдің күшеюі сақталады


17 мамыр күні Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталып, найзағай, жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.


Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Желдің күші 15-20 м/с артады.


Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.


Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл, батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15 м/с күшейеді.


Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с артады.


Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады. Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Өңірдің солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшпен жел тұрады.


Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика