AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / №164 бөбекжай балабақшасында «Армысың, әз Наурыз!»...

№164 бөбекжай балабақшасында «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік шарасы өтті

Әлеумет 20.03.2025, 19:07 675 Nursok82
№164 бөбекжай балабақшасында «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік шарасы өтті
КГКП «Ясли-сад №164» балабақшасы
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласы Алатау ауданының №164 бөбекжай балабақшасында қазақтың жаңа жылы – Наурыз мейрамына арналған «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Бұл шараның басты мақсаты – балаларға ұлттық дәстүрлерді насихаттау, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеу, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайту болды.
 
Мереке аясында «Шебер әке – өнерлі бала» ұлттық байқауы және дәстүрлі қолөнерді насихаттауға арналған «Текемет басу» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Байқау «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың батылдығы мен тапқырлығын арттыруға, сондай-ақ ата-аналармен байланысты нығайтуға бағытталды.
 
«Шебер әке – өнерлі бала» ұлттық байқауы
 
Байқауға әкелер мен ұлдар қатысып, өз өнерлері мен шеберліктерін бес кезең бойынша көрсетті:
1. «Мен қазақтың ұлымын, тегімді менің сұрасаң» – қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.
2. «Сегіз қырлы, бір сырлы» – шығармашылық қабілеттерін көрсету: домбырада күй орындау, ән айту, би билеу, көркемсөз оқу.
3. «Білгенге маржан» – қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, мақал-мәтелдері мен ұлттық ойындарына байланысты сұрақтарға жауап беру.
4. «Күш атасын танымас» – күш пен ептілікке арналған кезең: әкелер білдесу (қол күресі) сайысына қатысып, балалар қой көтеру жарысында бақ сынады.
5. «Шебердің қолы ортақ» – шеберлікке арналған кезең: қатысушылар үш минут ішінде қазақтың дәстүрлі қамшысын өру тапсырмасын орындады.
 
«Текемет басу» ұлттық қолөнер шеберлік сағаты
 
Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған тағы бір шара – текемет басу бойынша шеберлік сағаты болды. Аналар мен әжелер балаларға киіз басу өнерін үйретіп, дәстүрлі қолөнердің қыр-сырын көрсетті.
 
Ұлттық мұра – заманауи тәрбиенің негізі
 
Мереке арнайы безендірілген алаңда өтті. Балабақша ауласында ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігілді, бұл қазақ ауылдарының ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Балалар ұлттық өнермен танысып қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде де үйренді.
 
Мерекеге балабақшаның 278 тәрбиеленушісі мен олардың ата-аналары қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ата-аналар балабақша ұжымына осындай мағыналы шара ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.
 
КГКП «Ясли-сад №164» балабақшасы ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені жалғастырып, балаларға халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеуді үйретуде.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #мереке #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Бүгін 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Бүгін 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Бүгін 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);