Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 16–23 ҚЫРКҮЙЕККЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

16–23 ҚЫРКҮЙЕККЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

Керек кеңес 16.09.2021, 04:43 3,866
16–23 ҚЫРКҮЙЕККЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ
almaty-akshamy.kz

ТОҚТЫ (21 наурыз – 20 сәуір)


Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Жаңа қымбат нəрсе алғыңыз келіп жүрген сияқты. Оның нәтижесіне қиналып жүріп қол жеткізесіз. Сіздің есебіңізден тамақтануды жөн көретін достарыңыздың кесірінен қаржылай қиындыққа тап боласыз. Сүйіктіңізбен көптен бері сөзіңіз жараспай жүр. Сондықтан оны кездесуге шақырғаныңыз жөн.


 


ТОРПАҚ (21 сәуір – 21 мамыр)


Осы аптада белсенділікті төмендеткен жөн. Өйткені, асығамын деп қателік жіберуіңіз мүмкін. Ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалып алыңыз. Болашаққа жоспар құру барысында бірнеше нұсқаны қатар қоюды ұмытпаңыз. Мақсатыңызды өзгертетін жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Қиял әлемімен қош айтысып, шынайы өмір сүруді жөн көресіз.


 


ЕГІЗДЕР (22 мамыр – 21 маусым)


Аптаның алғашқы бөлігінде басыңызға түрлі идея оралады. Мүмкіндіктердің көп болатындығы соншалық, арасында таңдау жасауыңызға тура келеді. Сол кезде жақын адамыңыздың пікіріне құлақ асыңыз. Ғашығыңыз сіз күткендей әрекеттер жасамайды. Табыспайсыздар және айырылыспайсыздар. Бəрін уақыт еншісіне қалдырасыздар.


 


ШАЯН (22 маусым – 22 шілде)


Бір сәтке көзіңізді жұмып, жүрегіңіздің дүрсілін тыңдап көріңіз. Оны ести салысымен өмірдің ағынын, тіршіліктің қайнап жатқанын сезінесіз. Орындау мүмкіндігіңіз болмайтындықтан, ешкімге уәде бермеңіз. Әлін білмеген әлек болады демекші, атан түйеге өзі көтере алатын жүкті ғана артқан жөн.


 


АРЫСТАН (23 шілде – 23 тамыз)


Барлығы сіздің қолыңызда еместігін мойындайтын сәт келді. Өзге адамдардың пікіріне де құлақ асып, топпен жұмыс істеп жүргендігіңізді түсініңіз. Өзіңізді ұсқынсызбын деп ойлап жүрсіз. Алайда, бұл ойыңыз қате. Одан да сүйіктіңізден сізді не үшін жақсы көретіндігін сұраңыз.


Бүгін салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп жүруіңізге тура келеді.


 


БИКЕШ  (24 тамыз – 22 қыркүйек)


Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда. Қалыпты қарым-қатынастан эмоцияға берілуді жөн көресіз. Жаңа адамдармен таныссаңыз да, олармен тағдырыңызды біріктіруге асықпаңыз. 


 


ТАРАЗЫ (23 қыркүйек – 22 қазан)


Зиянды әдеттермен күресіңіз. Себебі, бүгін кез келген қиындыққа қарсы тұра алатындай күш-қуатқа ие боласыз. Жұлдыздар жақсы нәтижеге уәде беретіндіктен, істі кейінге қалдырмаңыз.


 


САРЫШАЯН (23 қазан – 21 қараша)


Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Сүйікті қалаңызды аралауға аттаныңыз. Көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық болуы мүмкін. Əр таныстық өз несебімен келеді.


 


МЕРГЕН (22 қараша – 21 желтоқсан)


Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді талдап, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз.


 


ТАУЕШКІ (22 желтоқсан – 20 қаңтар)


Қандай жағдай болса да, көңіл күйіңіз түспесін. Әрине, жасап жүрген істеріңіз сіз күткендей нәтиже әкелмеуі мүмкін. Десе де, өткен іске өкінгеннен пайда жоқ. Бір қиындық артынан екі қуаныш жүретінін ұмытпаңыз.


 


СУҚҰЙҒЫШ (21 қаңтар – 19 ақпан)


Апта соңында еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нартәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін.


 


БАЛЫҚТАР  (20 ақпан – 20 наурыз)


Аптаның алғашқы күндері көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұлдыз #Жорамал #Апта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика