AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелу...

16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Әлеумет 27.08.2026, 16:05 315
16 жасқа толмағандардың  әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект және агрессивті маркетинг балалардың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығы, адамгершілік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздікке және елдің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі ахуал 2018 жылы қабылданған "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңды қайта қарап, оған елеулі өзгерістер енгізуді талап ететінін айтты.

Сондай-ақ Президент Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді. Құжат биыл маусымда Парламент қарауына ұсынылған.

"Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген дамыған мемлекетте осыған ұқсас шаралар қабылданғанын атап өтті.

"Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, бұл мәселедегі жауапкершілікті тек ата-аналарға жүктеу дұрыс емес.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырды.

"Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия Королі мен Патшайымы келеді

Бүгін 16:08

Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды

Бүгін 14:14

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Бүгін 12:20

Бүгін елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

Бүгін 12:06

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);