AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 16.09.2021, 02:09 1,709
16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Tumba.kz

Республиканың солтүстік өңірлерінде жаңбырлы ауа райы күтіледі


Қазгидромет қыркүйектің 16-шы жұлдызына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 


Циклон әсерінен ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, найзағай болуы ықтимал. Қалған аумақта антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.


Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде жел, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі, түнде оңтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.


Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.


Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады.


Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #метеорологиялық құбылыстар #жауын-шашын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Бүгін 12:08

Алматыда жаздың басында аптап ыстық болады

Бүгін 11:42

Қазақстанда жылына 10 млн тонна өңдейтін ірі мұнай өңдеу зауытын салуға дайындық басталды

Бүгін 11:36

Алматыда №145 жаңа автобус бағыты ашылды

Бүгін 11:33

Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылады

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);