16-17 қыркүйекте Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

16-17 қыркүйекте Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Сурет: ашық дереккөз

«Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 16-17 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылығы  жәрмеңкесі өтеді.


Оған Алматы облысы мен Қонаев қаласы 9 ауданының шаруашылық қожалықтары қатысады. Жәрмеңкеде өнімнің шамамен 50 атауы (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімі, ұн, жармалар, өсімдік және мал майлары, т.с.с.) ұсынылатын болады.
Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауылшаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінеді.


Алматының Сәтбаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаскеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке кезінде Сәтбаев көшенің осы учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:06

08:40

21:50

18:50

18:23

17:53

17:32

17:20

17:13

16:56

16:27

16:00

15:52

15:36

15:32

15:05

14:56

14:50

14:34

14:18

14:15

14:02

12:27

12:22

12:11