Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 157 мыңнан астам қазақстандық цифрлық жұмыспен қам...

157 мыңнан астам қазақстандық цифрлық жұмыспен қамту орталықтарының қызметін пайдаланды

Әлеумет 09.06.2022, 04:32 1,059
157 мыңнан астам қазақстандық цифрлық жұмыспен қамту орталықтарының қызметін пайдаланды
Сурет: Forex-pros.ru

39,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.


Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту орталықтарының қызметін пайдаланушылар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «2022 жылдың басынан бастап Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін ұсыну жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген 157,8 мың адам тіркелді, оның ішінде 141,5 мың адам жұмыссыз мәртебесін алды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл ретте жұмыс іздеп жүрген адамдар мен ресми жұмыссыздардың ішінен тұрақты және уақытша жұмыс орындарына ЭЕБ арқылы 39,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, ал 23,8 мың жұмыссыз азаматқа ЭЕБ арқылы жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалды.


Осылайша, цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркелген іздеушілердің және ЭЕБ-дағы жұмыссыздардың жалпы санының 25%-ын құрады.


Қазіргі уақытта ЭЕБ-мен барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары интеграцияланған, соның арқасында көрсетілетін цифрлық мемлекеттік қызметтер бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Жұмыспен қамту қызметтері үшін өтініштердің кемінде 50%-ы онлайн режиміне өтеді деп күтіледі.


Естеріңізге сала кетейік, ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметтің төрт түрін алуға болады:


– жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;


– жұмыссыздарды тіркеу;


– жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге өтінім беру;


– мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары) жолдама алу.


2021 жылы жұмыс іздеп жүрген 149,1 мың адам онлайн-форматта тіркелген немесе бұл жалпы тіркелгендер санының 34%-ы, ал оның ішінде азаматтардың 60%-ы жұмысқа онлайн орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #Еңбекмині #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол

Бүгін 09:59

Қазақстандық топ-менеджерлер халықаралық сарапшылардан ЖИ бойынша білім алады

Бүгін 09:46

Алматыда ұлттық құндылықты ұлықтаған аналар марапатталды

Бүгін 09:30

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Бүгін 09:16

Алматы облысында түнде жер сілкінді

Бүгін 09:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика