Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 27.10.2022, 02:00 1,435
15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазгидромет ауа райына байланысты 27 қазанда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с.


Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.


Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады.


Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.



Астана қаласында 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.


Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с.


Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.


Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.


Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.


Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. 
Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.


27 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.


Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы 27 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #Дауылды ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика