15 наурыздағы референдум алдында алматылықтар нені білуі керек? Толығырақ aqshamnews.kz материалында.
15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Ұйымдастырушылар оның маңыздылығын атап өтіп, әр адамның дауысы маңызды екенін қайтара еске салды. Дауыс беру күні тіркелген мекенжайында болмайтын азаматтар үшін есептен шығару куәлігін алу мүмкіндігі қарастырылған.
Құжатты қашан және қайдан алуға болады?
Есептен шығару куәлігін 27 ақпаннан бастап бере бастайды. Құжатты өзіңіздің тіркелген сайлау учаскеңізден алуға болады.
Маңызды: 14 наурыз сағат 18:00-де есептен шығару куәлігін беру тоқтатылады. Осы уақыттан кейін құжатты рәсімдей алмайсыз.
Есептен шығару куәлігімен қалай дауыс береді?
Дауыс беру тәртібі қарапайым:
• Дауыс беретін күні азамат есептен шығару куәлігі мен жеке басын куәландыратын құжатты (электрондық нұсқасын да) ұсынады.
• Учаскелік комиссия азаматты референдумға қатысатындардың тізіміне енгізіп, бюллетень береді.
• Есептен шығару куәлігі бір рет қана пайдаланылады, кейін оны дауыс берген учаскеде қалдырып кетеді.
Нені ескеру керек?
Есептен шығару куәлігі – қатаң есептегі құжат. Жоғалтып алсаңыз, оны қайта бермейді. Бір елдімекеннің аумағындағы басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға мұндай куәлік берілмейді.
Сондықтан референдум күні тұрақты тіркелген жерінде болмайтын азаматтар құжатты алдын ала алып қоюы қажет.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы ресми сайтынан алуға болады: www.election.gov.kz