AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 15 елді мекенді су шаюы мүмкін

15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Әлеумет 30.03.2026, 10:25 219 yakiya
15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Қазіргі ахуал жайында ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Роллан Есмағанбетов 24KZ телеарнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Бізге түскен мәліметтерге сәйкес, су басу қаупі бар 15 елді мекен бар. Қауіп сейілген жоқ. Батыс өңірде жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден артық болуы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда. Тасқын болмайды деп арқаны кеңге салуға болмады. Дайындықты күшейтіп, мәселелерді жан-жақты талқылау керек", - деді Роллан Есмағанбетов.

Қай өңірлерде тасқын қаупі бар?

ТЖМ өкілінің айтуынша, 8 облысқа су тасқыны қаупі төніп тұр. Жалпы 272 елді мекен қауіпті аймаққа кіреді.

"Қызыл" аймақта: Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы.

"Сары" аймақта: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары.

Сондай-ақ ТЖМ өкілі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

"Атқарылған істер ауқымды. Соның арқасында су басу қаупі бар 1242 елді мекендердің 272-сі қалып отыр. Бірақ ол 272 елді мекеннің барлығын су басады деген сөз емес, бұл жерде қауіп бар деген сөз. Ауа райы мен жауын-шашынның деңгейі бақыланады. Қазір болжам бойынша 15 елді мекенде қауіп бар", - деді ол.

Қауіпті аймақтарда су деңгейі күрт көтерілсе, қосымша күштер тартылады

"Жағдай шиеленісіп жататын болса, ТЖМ 930 адамнан, 113 техникадан тұратын арнайы резервін дайындап отыр", - деді Роллан Есмағанбетов.

Қазірдің өзінде Солтүстік Қазақстан облысына Алматы облысынан құтқарушылар жасағы барды. Олар Қызылжар ауданы мен Заречный кентінде бөгеттерді нығайтып жатыр. Биыл өңірде тоң қалың. Бұл құбылыс еріген қар суының топыраққа тез сіңуіне кедергі келтіреді. Синоптиктер өзен-көлдердегі су деңгейі қар еруіне байланысты сәуірдің басында көтеріле бастайтынын болжауда.

Су тасқыны кезеңіне қанша техника дайын?

ТЖМ жеке құрамынан 39 мыңнан астам адам, 12 мыңнан астам техника, 5 мыңға жуық су айдау және 701 жүзу құралдары, 35 сорғы жылжымалы станциядан тұратын су тасқынына тартылатын күштер мен құралдардың топтамасы дайындалды.

2025 жылы Төтенше жағдайлар министрлігіне 842 арнайы техника, 27 катер, 683 су сору құрылғысы сатып алынды.

Көктем басталғалы ТЖМ 205 елді мекеннің үстінен 29 рет тікұшақпен барлау жүргізді. 218 ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты бар. Олармен 583 рет ұшу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, ел бойынша 547 гидротехникалық нысан жөндеуді талап етеді. 2025 жылы 47-сі жөндеуден өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);