AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту ж...

14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Өмір-өзен 24.05.2023, 02:00 1,458
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Ашық дереккөз

Найзағай ойнап, жел соғады


24 мамырда Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 


Ұлытау облысының орталығында да төтенше өрт қаупі сақталады. 


Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.


Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.


Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданы маңында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.


Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.


Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.


Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.


Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 


Күндіз Павлодар облысының солтүстік-шығысында 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Павлодарда төтенше өрт қаупі сақталады. 


Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18-23 м/с. Алматыда да найзағай ойнайды, соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #жел #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);