Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 13.09.2022, 02:00 1,621
13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Найзағай, тұман және үсік 


13 қыркүйекте елордада және Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі, қатты жел тұрып, 3 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с.


Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.


13 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.


13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, 14 қыркүйекте тәулік бойы солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.


Ертең күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.


Сейсенбі күні күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.


Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде – 15-20, екпіні – 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.


13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.Нұр-Сұлтан қаласында 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.


13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
13 қыркүйекте түнде Абай облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.


Ертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


13 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысыңда оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және павлодар қаласында түнде топырақ бетіндегі 3 градус үсік күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #жел #үсік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика