13 қарашада Алматы орталығында жолдардың бір бөлігі жабылады

13 қарашада Алматы орталығында жолдардың бір бөлігі жабылады Сурет: Ашық дереккөз

«City Run 2022» жарысының ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


13 қараша күні - «City Run 2022» жарысы өтетін уақытта, яғни, таңғы сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Жарыс сөресі «Астана» алаңында басталады. Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін шектеледі. Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін жабылады.


Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.


Айта кетейік, спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылып отыр — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47