Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 125 мың доллар: биткоин тарихи максимумды жаңартты

125 мың доллар: биткоин тарихи максимумды жаңартты

Барлығы 05.10.2025, 17:01 325
125 мың доллар: биткоин тарихи максимумды жаңартты
сурет: ашық дереккөз

5 қазан таңында биткоин бағасы тарихтағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Криптовалюта бағасы шамамен 2,7%-ға өсіп, 125 245,57 доллар деңгейіне жетті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бұған дейінгі рекорд биыл тамыз айының ортасында тіркелген болатын — 124 480 доллар. Ол кезде биткоиннің қымбаттауына АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің цифрлық активтерге қатысты жұмсақ реттеу саясаты және институционалдық инвесторлардың қызығушылығы әсер еткен еді.

Сарапшылардың айтуынша, биткоин соңғы сегіз сауда күні қатарынан өсім көрсетіп, оған АҚШ қор нарығындағы оң динамика мен биткоин-ETF-терге капитал құйылуы себеп болған.

Сонымен қатар, АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты әлсіреп, бірнеше аптадағы ең төмен көрсеткішке түсті. Бұл жағдайға АҚШ үкіметінің жұмысы уақытша тоқтауы мүмкін деген қауіп және негізгі экономикалық деректердің жариялануының кейінге шегерілуі ықпал еткен.

Айта кетейік, АҚШ-тағы сайлауға дейінгі биткоиннің тарихи максимумы 70 184 доллар (шамамен 34 млн теңге) болған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Биткоин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20

Алматылық онколог сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтты

Бүгін 09:16

Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:09

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика