AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 120 үміткер Алматы қаласы әкімдігінің грантының ие...

120 үміткер Алматы қаласы әкімдігінің грантының иегері атанды

Әлеумет 28.08.2024, 09:52 2,560 Нұржамал ӘЛІШЕВА
120 үміткер Алматы қаласы әкімдігінің грантының иегері атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы есебінен резидентураға түскен грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Өңірлерде медициналық кадрлар тапшылығын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» және Алматы қаласында медициналық кадрлардың тапшылығын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралардың шеңберінде 2021 жылдан бастап Алматы қаласының әкімдігі дәрігерлерді, сұранысы жоғары клиникалық мамандықтар бойынша, резидентурада оқытуға жыл сайын қаржы бөліп отыр.

2024 жылы Алматы қаласы әкімдігінің грантының иегерлері атанған 110 жас маман  резидентураны аяқтап медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда, алдыңғы жылдары оқуға  түскен  194 маман резидентурада білім алуын жалғастыруда.

2024 жылы қаламызда, өте тапшы медициналық мамандықтар бойынша, ұзақтығы 2-3 жыл болатын резидентурада 120 орын бөлініп, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көзделген. Ең көп гранттар «Эндокринология», «Офтальмология», «Физическая медицина и реабилитация» (11 гранттан), «Кардиология» (10 грант), «Гастроэнтерология» (8 грант) салалары бойынша бөлінген. Алматы қаласы әкімдігі жанындығы Конкурстық комиссия шешімімен, 2024 жылға дипломнан кейінгі оқытуға бекітілген қаражат шеңберінде, барлығы 120 резидентура бойынша білім гранты  қалыптастырылды.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Алматы қаласы бойынша резиденттерді оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі Конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурс комиссиясының құрамы әкімнің өкімімен бекітіледі және жергілікті атқарушы органның қызметкерлерінен, азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады. Комиссия төрағасы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нусупова Ә.Б.

Алматы қаласы әкімдігінің білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін, медициналық Жоғарғы оқу орындары, түсу емтиханында ең жоғары балл жинаған талапкерлердің тізімін ұсынады. Биылғы жылы байқауға 175 үміткер қатысты. Байқау комиссиясының шешімімен 120 үміткер Алматы қаласы әкімдігінің грантының иегері атанды.

Білім беру грантының иегері, диплом алған соң, Алматы қаласының медициналық ұйымдарында тиісті мамандық бойынша 5 жыл жұмыс істеу міндеттемесін алып, «Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы-Студент-Университет» арасында үш жақты Келісімшарт жасалады.

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Конкурстық комиссия отырысының шешімімен қабылданған 2024 жылғы резидентура грант иегерлерінің тізімін сілтеме бойынша қарауға болады

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/documents/details/712721?lang=kk 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медициналық кадр #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);