Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер қиын жағдайда...

12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер қиын жағдайдағы қазақстандықтарға қызмет көрсетеді

Әлеумет 19.10.2022, 05:13 990
12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер қиын жағдайдағы қазақстандықтарға қызмет көрсетеді
Сурет: Iz.ru

Әлеуметтік қызметпен 116 мыңнан астам адам қамтылды.


Қазақстанда 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олар халықтың әртүрлі санаттарына өмір сүру сапасын жақсарту және қиын жағдайдан шығу үшін көмек көрсету мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметкерлер қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді", - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері қызмет алушыларды өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдыларына үйрету болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер отбасы мүшелерімен оңалту іс-шараларын іске асыру және қызмет алушылардың қоғамда өздерін бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік төлемдер мен басқа да әлеуметтік қолдау шараларын алуға жәрдемдеседі.


Әлеуметтік қызметкерлер стационар, жартылай стационар жағдайында, үйде және уақытша болу ұйымдарында АӘҚ ұсынады.


12 мың әлеуметтік қызметкердің 884-і медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оның ішінде 695-і стационарлық мекемелерде, 189-ы оңалту орталықтарында қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 11 395 әлеуметтік қызметкер, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында – 65, дағдарыс орталықтарында – 65 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.


Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің 45%-ы аудан орталықтары мен қалаларда, 30%-ы облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 25%-ы ауылдық округтерде қызмет көрсетеді.


2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметпен 116 мыңнан астам адам қамтылды.


Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңашылдық екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлау соңғы екі онжылдықта жүзеге асырылуда. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің 33%-ы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандар.


Бұрын хабарланғандай, биыл әлеуметтік қызметкерлердің мінез-құлқының кәсіби этикасының нормалары бекітілді, бұл олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.


Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекстің жобасында халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту көзделуде.


Қолданыстағы арнайы әлеуметтік қызметтер өзектендіріледі және жаңа стандарттар әзірленеді, ал әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі беріледі.


Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлер тізілімін құру жоспарлануда, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады.


Әлеуметтік қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттар әзірленетін болады, онда жұмыс берушілердің оқыту персоналының білім, дағдылары және біліктілік деңгейіне қойылатын талаптары көрсетіледі. Ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Еңбекмині #қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика