AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 10.11.2022, 02:00 1,579
11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазгидромет 10 қараша күні ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.


Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.


10-12 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.


Астана қаласында көктайғақ болады.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болжанады.


10 қарашада түнде және таңертең Абай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.


Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.


Шымкент қаласында 10-11 қарашада түнде кей уақытта тұман болады.


Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15 м/с жетеді.


Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.


Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қар #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);