Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 105 алматылық отбасы 158 жетім балаға жылулық пен...

105 алматылық отбасы 158 жетім балаға жылулық пен қамқорлық сыйлады

Әлеумет 25.02.2025, 12:41 520
105 алматылық отбасы 158 жетім балаға жылулық пен қамқорлық сыйлады
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған бастамалар қарқынды дамып келеді.

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ұлттық бала асырап алу агентігі» жобасының жетекшісі Фарида Рахметова Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізуге арналған жаңа заң жобасының маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Ұлттық асырап алу агенттігі – бұл Қазақстанда асырап алу мәдениетін дамытуға және кәсіби қабылдаушы отбасыларды қолдауға сегіз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Ана үйі» қорының маңызды бөлігі», – деді Фарида Рахметова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 кеңес беру кабинеті жұмыс істейді, онда қор мамандары жетім балаларды отбасына қабылдағысы келетін азаматтарға көмек көрсетеді. Тек Алматының өзінде жоба іске қосылғаннан бері 2285 адам мамандардан кеңес алып, ал 818 азамат Қабылдаушы ата-аналар мектебінде дайындықтан өтті. Осы бағдарламаның нәтижесінде 105 алматылық отбасы 158 жетім баланы өз қанатының астына алды.

«Соңғы 12 жыл ішінде интернаттық мекемелердегі балалар саны 10 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды. Алайда соңғы бес жылда бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр. Бұған басты себеп – жетім қалған балалардың көбінің жасөспірімдер, ерекше қажеттіліктері бар балалар немесе бауырларының болуы. Мұндай балаларды дәстүрлі қабылдаушы отбасыларға орналастыру қиынырақ», – деп түсіндірді «Ана үйі» қорының психолог қызметінің жетекшісі Лаура Акатаева.

Осыған байланысты Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізетін заң жобасы әзірленді. 2025 жылдың басында оны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мақұлдап, құжат «Неке және отбасы туралы» Кодекске ресми түрде енгізілді.


Жаңа жүйе аясында қабылдаушы ата-аналар арнайы дайындықтан өтіп, кәсіби негізде жұмыс істейтін болады деп болжайды. Оларға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетіледі: әрбір ата-анаға 70 АЕК және баланы асырауға 10 АЕК. Сондай-ақ мұндай отбасыларға міндетті қолдау, оның ішінде құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмектер енгізілуде.ді.

«Қабылдаушы ата-аналар қатаң іріктеуден өтеді, олардың мотивациясы мен дайындық деңгейін анықтау үшін диагностикалық сұхбат жүргізіледі. Сонымен қатар, олар Қабылдаушы ата-аналар мектебінде оқытылып, бала отбасына қабылданғаннан кейін тұрақты түрде мамандардың қолдауын алып отырады», – деп түйіндеді Фарида Рахметова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жетім бала #жылулық #қамқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Кеше 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Кеше 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Кеше 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Кеше 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика