101 жастағы алматылық майдангерге құрмет көрсетілді

101 жастағы алматылық майдангерге құрмет көрсетілді Ұлттық ұлан

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы майдангер, отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына барып, ардагерді мерейлі мерекесімен құттықтады.

Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов бастаған ұландықтар және Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Берік Алмағамбетов Қамбар Сәрсеновке көптің атынан құрмет көрсетті. Жиналған қауым майдангердің ғибратты ғұмырын айрықша атап өтті. 

Өр рухты майдангердің терезесі астында әскери оркестр аты аңызға айналған «Жеңіс күні», «Славянмен қоштасу» марштарын, сондай-ақ «Смуглянка» және «Катюша» композицияларын орындады. Ұландықтар сондай-ақ батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен  жүріп өтті.

Қамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы тамызда шақырылды. Ол соғыс жылдары үш рет жараланды. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысты. Шығыс Пруссия мен Германия жерінде соғысты. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды. 

Бүгінде кеудесінде I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орден-медальдары жарқырап тұр.
ІІМ жүйесінде 33 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықты. Бүгінде Қамбар Әмірұлы – ҚР ІІМ, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің және энергетика жүйесінің құрметті ардагері.

– Бүгін біз Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов ақсақалға сәлем бере келдік, алда келе жатқан үлкен мерекемен құттықтадық. Жыл сайын ардагерлерге құрмет көрсету біздің дәстүрімізге айналды. Біз олардың ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Өкінішке орай, ардагерлер қатары сиреп барады. Сондықтан біз әрқашан оларды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып көңілдерін аулауға тырысамыз, – деді әскери бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:41

15:13

14:53

14:13

13:18

12:53

12:06

11:56

11:11

10:39

10:16

10:10

09:30

08:00

07:24

21:41

21:39

15:46

15:15

15:11

14:50

14:11

13:41

13:16

12:42