Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 100% қамтылған: Алматының білім беру ұйымдарында 2...

100% қамтылған: Алматының білім беру ұйымдарында 2023 жылы  21 мыңнан астам  кешенді қауіпсіздік жүйелері орнатылды

Білім және ғылым 26.12.2023, 06:56 1,292
100% қамтылған: Алматының білім беру ұйымдарында 2023 жылы  21 мыңнан астам  кешенді қауіпсіздік жүйелері орнатылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аясында 186 балабақшаға жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілді.


Атап айтқанда, 8 638 бейнебақылау жүйесі орнатылды, оның ішінде 7062 - ішкі, 1576 – сыртқы. Сондай-ақ, барлық балабақшалар Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) сигнал беру мүмкіндігі бар өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын бақылау жүйелерімен (домофондармен), бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен және өртке қарсы қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен жарақтандыру жұмыстары орындалды. Оған 2023 жылы 610 178 млн. теңге бөлінді.


2023 жылдың желтоқсан айының басынан  бері мектептерде орталық басқару орталығына қосылған барлық бейнебақылау камералары мен дабыл түймелерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 131 мектепте жаңарту жұмыстары аяқталып, 77 мектепте жалғасуда. Сондай-ақ 214 мектепте барлық қауіпсіздік жүйелерін жаңарту жоспарланған. 12 475 бейнебақылау камерасы мен 214 дабыл түймелерін орнату жоспарлануда. Сигналды тікелей Жедел басқару орталығына жіберу мүмкіндігіне ие болатын өрт қауіпсіздігі жүйелері де орнатылады. Сондай-ақ бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар 415 турникет орнатылады.


Бұлардан басқа, 15 интернат мекемелері 277 бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде: 184-і ішкі, 93-і сыртқы. Алматы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 95 камера қосылды. 15 интернатта  дабыл түймелері орнатылған. 15 мектеп-интернаттың 8-де мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.



Қала колледждері де қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мәселен, 20 колледжде 1503 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде: 1064-і ішкі, 439-ы сыртқы. Бұл ретте Алматы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 126 камера қосылған. Дабыл түймелері мен турникеттер де орнатылды және барлық 20 колледжге арнайы күзет қызмет көрсетеді.


Сондай-ақ 17 мектептен тыс мекемеде 436 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде: 239-ы ішкі, 197-сі сыртқы. Бұл ретте Алматы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына 233 камера қосылған. 25 дабыл түймесі орнатылған. 7 мектептен тыс мекемеге турникет орнатылды. Барлық 17 мектептен тыс мекемеге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.


Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының жазбаны 30 күн бойы  сақтай алатын бейнебақылау  және қауіпсіздік жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенін атап өту маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #қауіпсіздік #камера #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика